INDIGO: ата-аналарға арналған нұсқаулық
Ваучер, кезек, шарт және табель — барлығы бір жерде
INDIGO — мектепке дейінгі білім беру ваучерлерін рәсімдеуге арналған ақпараттық жүйе. Жеке кабинет арқылы ата-ана баланы кезекке қояды, балабақшаны таңдайды, шартқа қол қояды және келу табелін бекітеді.

Қадамдар:
1. INDIGO жеке кабинетіне кіріңіз
2. Ваучер алу үшін «Күту парағына» өтініш беріңіз
3. Балабақшаны таңдап, орынды брондаңыз
4. Балабақшамен шарт жасасыңыз (ЭЦҚ немесе SMS арқылы)
5. Ваучер алғаннан кейін бала бақшаға қабылданады
6. Ай сайын келу табелін бекітіңіз

Төменде — «Күту парағына өтініш беру» нұсқаулығы және әр қадам бойынша бейнежазбалар. Сұрақтарыңыз болса, өз балабақшаңызға хабарласыңыз.
«Күту парағына өтініш беру» нұсқаулығы
© 2026 ЖШС «SERPIN-2030» · Атырау қаласындағы МЖӘ бөбекжай-бақшалар желісі
Made on
Tilda