9
бөбекжай-бақша
2 610
орын
400+
қызметкер
Құрметті ата-аналар!
SERPIN желісі — Атырау қаласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) аясында салынған 9 бөбекжай-бақша. Әр бақша 290 орынға, 12 топқа арналған: дене шынықтыру және саз залдары, медициналық блок, психолог кабинеті, жайлы жатын және ойын бөлмелері, заманауи ас блогы бар.

Бақшалар 2024 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Тәрбие мен оқыту Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

Төменде өзіңізге жақын бақшаны таңдап, оның топтары, төлемі, құжаттары туралы біліп, сұрағыңызды тікелей бақшаға жібере аласыз.
Біздің мүмкіндіктер
Балаларға арналған заманауи ғимарат: жарық топ бөлмелері, жайлы жатын бөлмелері, заманауи ас блогы
Дене шынықтыру залы
Күнделікті таңғы жаттығу, спорттық ойындар мен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Саз залы
Музыка, би, ертеңгіліктер мен мерекелік іс-шаралар
Медициналық блок
Медбике балалардың денсаулығын күнделікті бақылайды
Психолог кабинеті
Педагог-психолог балалардың бейімделуі мен дамуына көмектеседі
Біздің бөбекжай-бақшалар
Бақшаны таңдап, толық ақпаратты қараңыз
  • «Ақжелкен»
    Ақжар-2 а.о., №14 көше, 8А
    +7 701 612 19 81
    Толығырақ →
  • «Бәйтерек»
    В. Белинский көшесі, 21
    +7 775 878 02 72
    Толығырақ →
  • «Береке»
    Береке шағын ауданы, №16 көше, 1-құрылыс
    +7 701 668 98 57
    Толығырақ →
  • «Болашақ»
    Байтұрсынов көшесі, 80 құрылыс
    +7 702 820 83 91
    Толығырақ →
  • «Дарын»
    Әбілқайыр хан даңғылы, 72Б
    Толығырақ →
  • «Еркетай»
    Еркінқала ауылы, №11 көше, 19А құрылыс
    +7 701 466 27 78
    Толығырақ →
  • «Самғау»
    Самал шағын ауданы, №23 көше, 51-құрылыс
    +7 702 138 38 22
    Толығырақ →
  • «Шаттық»
    Береке шағын ауданы, №16 көше, 5-құрылыс
    +7 702 753 51 69
    Толығырақ →
  • «Жанбота»
    «Нұрсая» шағын ауданы, Бейбарыс даңғылы, 485
    +7 702 487 64 21
    Толығырақ →
Төлем туралы
Бағаны білгіңіз келсе — бізге жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз.
Ата-аналарға ақпарат
Барлық бақшаларға ортақ мәліметтер
Фотогалерея
Құжаттар
Желінің ортақ құжаттары мен ата-аналарға арналған материалдар
Құжаттар осы бөлімде жарияланады.
Жиі қойылатын сұрақтар
Ата-аналардың жиі сұрайтын сұрақтары
  • Сұрақ:
    Баланы бақшаға қалай орналастыруға болады?
    Жауап:
    Кезекке тұру және жолдама алу eGov.kz порталы арқылы немесе ХҚКО-да жүзеге асырылады. Жолдама берілген соң ата-ана құжаттарды бақшаға тапсырып, INDIGO жүйесінде шарт жасайды.
  • Сұрақ:
    Төлем қалай жүргізіледі?
    Жауап:
    Төлем тек қолма-қол ақшасыз, ай сайын. Нақты келген күндер бойынша келесі айдың басында қайта есептеледі.
  • Сұрақ:
    Бақшаның жұмыс уақыты қандай?
    Жауап:
    Дүйсенбі – жұма, 08:00–18:30.
  • Сұрақ:
    Балалар қалай тамақтанады?
    Жауап:
    Балалар күніне 4 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
  • Сұрақ:
    Бақшадағы қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілген?
    Жауап:
    Бейнебақылау, өрт дабылы, дабыл түймесі, дауыстық хабарландыру және турникет орнатылған.
Байланыс
Сұрақтарыңызды тікелей бақшаға жіберіңіз
© 2026 ЖШС «SERPIN-2030» · Атырау қаласындағы МЖӘ бөбекжай-бақшалар желісі
Made on
Tilda